Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University мектеп бітірушілеріне университетке түсу артықшылықтарын түсіндіруде

Kozybayev University мектеп бітірушілеріне университетке түсу артықшылықтарын түсіндіруде

Kozybayev University университетінде кең ауқымды кәсіби бағдарлау кампаниясы өтуде. Университеттің командасы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мектеп бітірушілерімен кездесті, деп хабарлайды QZ News.

Бескөл ауылдық мәдениет үйінде 10-11 сынып оқушылары жиналды. 100-ге жуық оқушы университетке түсу шарттары, ұсынылатын гранттар, Аризона университетімен бірлескен бағдарламалар туралы ақпарат алды. Барлық қатысушыларға мамандықтар мен факультеттер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілген брошюралар мен басқа да материалдар таратылды.

Кездесу соңында талапкерлер университетке түсу үшін өтінімдерін қалдырды. Келесі кездесуде оларды Kozybayev University университетінің қабырғасында қарсы алуға үміттенеміз.

Shares