М.Жұмабаев ауданында моншадан шыққан өрт сөндірілді
Өткен түнде М.Жұмабаев ауданында өрт сөндірушілер 6 шаршы метр аумақтағы моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, Қарақоға аылында жеке тұрғын үй аумағындағы моншада өрт шықты. Өрт салдарынан ғимараттың төбесі мен шатыры зақымданған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болған.