Мамырдағы мереке күндері ХҚО мен арнайы ХҚО қалай жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамыр айындағы қосымша демалыс күндерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды QZ News.
ХҚО мен арнайы ХҚО-ларда 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
3 және 10 мамыр сенбі күндері кезекші ХҚО мен арнайы ХҚО-лар жұмыс істейді:
ХҚО-лар – сағат 13:00-ге дейін,
арнайы ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау – сағат 12:00-ге дейін,
құжаттарды беру – сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ХҚО мен арнайы ХҚО-лардың кезекшілер тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.