Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Масленица”: Петропавл тұрғындары мен қонақтары қысты шығарып салды

“Масленица”: Петропавл тұрғындары мен қонақтары қысты шығарып салды

Масленица – даладай дастархан жайылатын және өте көңілді халықтық мереке. Мереке бір аптаға созылады. Бұл – табиғаттың қысқы ұйқыдан ояну уақыты. Яғни, көктем әрқашан ауқымды шарамен қарсы алынады. 17 наурыз күні Петропавлдың орталығы нағыз думан алаңына айналды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала тұрғындары ойын ойнады, мерекелік бағдарламаны тамашалады, бір-бірін құттықтады. Дәстүр бойынша, масленицадан кейін православтық христиандар ауыз бекітеді.

Сонымен қатар, Петропавлдың орталық алаңында қалалық “Өнегелі отбасы” байқауы өтті. Ол Наурызнама күндерінің бірі – Шаңырақ күнімен тұспа-тұс келді. Шара отбасылық құндылықтарға арналды.

“Байқау 4 кезеңнен тұрады. Шығармашылық сайыс болады, содан кейін қатысушылар уақытқа бауырсақ пен құймақ жейді, ұлттық дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап береді, ең соңында эстафета ұйымдастырылады. Бала саны әртүрлі отбасылар қатысуда. Үздіктерді марапаттар күтіп тұр”, – деді қазылар алқасының мүшесі Иманғали Татваев.

Shares