Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы ІІМ-ге бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Мемлекет басшысы ІІМ-ге бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Президент Заң мен Tәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс екенін айтты. Президент жақында елордалық мейрамханалардың бірінде тіркелген резонанстық кісі өлтіруге тоқталып, ІІМ басшылығына бұл істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай  жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел”, – деді Президент.

Президент осындай келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты Заң мен Тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек.

Shares