Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы: «Үкімет жұмысын жеделдетіп, артық бюрократиядан арылуы тиіс»

Мемлекет басшысы: «Үкімет жұмысын жеделдетіп, артық бюрократиядан арылуы тиіс»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы өңдеуші өнеркәсіпте жалпы сомасы 1,3 триллион теңгені құрайтын 180 инвестициялық жоба жүзеге асқанын атап өтті. Нәтижесінде сектордың өсімі 6%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл оң үрдісті нығайтып, оны қайтарымсыз ету қажет, деп хабарлайды QZ News.

«Тағы бір маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту. Бұл көрсеткіш бойынша БҰҰ мәліметінше Қазақстан айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Инвесторлармен мәселелерді жедел шешу үшін Инвестициялық штаб құрылды. Штабтың қызметі бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қарама-қайшылықтарды жою арқылы кейбір жобалардың іске асуын жылдамдатты. Алайда басты міндет тек «жеке мәселелерді» шешу ғана емес, ең алдымен, елдегі инвестициялық ахуалды жүйелі түрде жақсарту», – деді Мемлекет басшысы.

Инвестжобаларды әзірлеу процесінде әлі де көп уақыт ведомствоаралық координацияға кетеді.

«Үкімет жұмысын жеделдетіп, артық бюрократиядан арылуы тиіс. Ұзақ уақытқа созылған келісімдер мен шешім қабылдау процестері мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілікті өз мойнына алудан қашқақтауымен байланысты. Мұны ашық айту керек», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Shares