Мемлекеттік қызметшілер мен Петропавл жастары жеке сектор тұрғындарының аумағын қардан тазартты
Петропавлда су тасқынына қарсы сенбіліктер жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Өткен демалыс күндері қаланың белсенді жастары, мемлекеттік қызметшілер мен коммуналдық қызметтер жеке сектор тұрғындарына аумақтарын қардан тазартуға көмектесті. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлерге қолдау танытылды.
Күн сайын Солнечный-2 шағын ауданында қар шығару жұмысы жүргізілуде. Жұмыс барысын қала әкімі Серік Мұхамедиев тексерді.