Облыс әкімі ауыл тұрғындарын жер мәселесі бойынша қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өңір басшысы Балуан (Шал ақын), Тахтоброд, Сокологоровка және Чистополье (Ғ. Мүсірепов) ауылдарының тұрғындарын және өкілдерін жер мәселесі бойынша қабылдады.
Сондай-ақ онлайн режимде «Тәуекел» ҚБ басшысы, блогер Бұрахан Дақанов қоныс аудару мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтып, оларды шешу жолдары талқыланды.