Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыс әкімі су тасқыны кезінде өздерін көрсеткен ерлі-зайыптыға марапат табыс етті

Облыс әкімі су тасқыны кезінде өздерін көрсеткен ерлі-зайыптыға марапат табыс етті

Фаиль мен Ольга Насыровтар су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың қатарына кірді. Бірақ ерлі-зайыпты еңсені түсірмеді және су басу аймағында қалған азаматтарға көмектесті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ерлі-зайыпты халықты эвакуациялауға көмектесті. Олар өз көліктерімен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді. Осылайша, жерлестеріміз 70-тен астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, солтүстікқазақстандықтар адамдарды тасымалдауға және су басу аймақтарын бақылауға арналған қайықтар ұсынды. Ерлі-зайыпты Ущев көшесіндегі және Набережный көшесіндегі бөгеттерді нығайтуға да белсенді қатысты.

Shares