Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыс орталығында 7,5 км жылу желілері жөнделді

Облыс орталығында 7,5 км жылу желілері жөнделді

Жылу желілерінің тозуын азайту үшін 7,5 шақырымға созылған жылу желілеріне күрделіжәне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Серік Мұхамедиев айтты, депхабарлайды QZ News тілшісі.

«Орман»  диаметрі 2 ДН 200-300-400 мм екі жылу желісін 2 ДН 600 мм бір жылу желісіне ауыстыра отырып, «No5 жылу магистралінің құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету және көппәтерлі үйлерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға жеке сектордағы Орман, Борки, сондай-ақ салынып жатқан Әскери академия ғимараты және жаңа кәсіпкерлік нысандары жылу желілеріне қосылады . Желілердің жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайды. Нысан пайдалануға беру сатысында», – деді әкім.

Серік Мұхамедиевтің айтуынша, биыл «СҚ АЭК» АҚ ұзындығы 10,9 шақырым болатын 10 кВ әуе желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

«Сонымен қатар 259 м 0,4-10 кВ кабельдік желіде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 80 муфта ауыстырылып, 7 трансформаторлық қосалқы стансаның герметизациясы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала меншігіндегі желілерде жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын кабельдік және әуе желілерін жөндеу, 110/10 кВ «Северная» қосалқы стансасын және 3 трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу жұмыстары жүргізілді», – деді Серік Мұхамедиев. 

Shares