Облыс орталығында жастар арасында есірткіге қарсы хакатон өтті
Петропавлда колледж студенттеріне жастар арасында нашақорлықтың алдын алуғаарналған хакатон өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму және ақпарат орталығы, Солтүстік Қазақстан облысының «Біргеміз» волонтерлік фронт-кеңсесі мамандарыұйымдастырды.
«Біз бұл іс-шараны студенттерді есірткінің зияны, оны қолданудың денсаулыққа, өміргежәне болашаққа тигізетін зардаптарымен таныстыру және нашақорлықпен байланыстынақты қауіптер туралы ақпарат беру мақсатында өткіздік. Біз фактілерді, оқиғаларды жәнеқолданудың салдарын көрсететін рөлдік ойындарды талқылау арқылы олардың бойындаесірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастырғымыз келді», – деді СҚО Ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығының басшысы Анастасия Волкова.
Хакатон қатысушылары үшін спикерлер ретінде облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Оксана Симухина мен СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Зарина Попова сөз сөйледі. Колледж студенттері шығармашылық тапсырмалар орындап, сонымен қатар «Закладчикт. Расплата» деректі фильмінен үзінді тамашалады.