Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстың бес аудан орталығының оқушылары мен студенттеріне «Закладчик.Расплата»фильмі көрсетілді

Облыстың бес аудан орталығының оқушылары мен студенттеріне «Закладчик.Расплата»фильмі көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Закладчики.Расплата» фильмін көрсетіп жатыр. Ол СҚО ДП есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастамасымен, қоғам белсендісі, журналист Зәкіржан Мамлютовтың жетекшілігімен «QZ media» шығармашылық тобының бірлескен жобасы, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бір аптаның ішінде фильм Солтүстік Қазақстан облысының бес аудан орталығында көрсетілді. Мәдениет орындарында жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған кино көрсетілімдері өткізілуде. Көрсетілімдерден кейін концерттер ұйымдастырылуда.

«Түсірілім жұмыстарының басым бөлігі түрмеде өтті. Суретте «синтетиканы» аса ірі көлемде сатқаны үшін кемінде 10 жыл жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер. Олардың көбі дерлік 3 айдай интернет-дүкендерде жұмыс істеген. «Закладчик.Расплата» СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен «QZ media» бірлескен үшінші жобасы. Ол «Соли и сайсы» фильмінің екі бөлімін қамтитын фильм трилогиясы YouTube хостингінде қол жетімді. «Дорога в никуда» фильмі 2 миллионнан астам қаралым жинады», – делінген СҚО ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Shares