Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстық балалар ауруханасының ұжымы жаңа дәрігерлермен толықты

Облыстық балалар ауруханасының ұжымы жаңа дәрігерлермен толықты

Жас мамандар! Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жаңа дәрігерлер келді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Орынбасар Байтөреев – жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшесінің неонатологы, Нұрболат Нұрмолдин – балалар анестезиологиясы және реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологы, Арайлым Бейсенбекова – балалар консультациялық-диагностикалық орталығының офтальмологы, Камила Бекенова – сәулелік диагностика бөлімшесінің рентгенолог дәрігері.

“Біздің тәжірибелі дәрігерлер жаңа мамандарға клиникалық ойлауды қалыптастыруға көмектеседі, пациенттермен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауға, шұғыл шешім қабылдауға үйретеді, үнемі өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі ұйымдастыруға серпін береді. Бірақ тәлімгерлер жас дәрігерлерге жеткізуге тырысатын ең басты нәрсе – әрбір пациентке жан-тәнімен және сезімталдықпен қарау”, – деп атап өтті облыстық көпсалалы балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Жас дәрігерлер аурухана аллеясына шырша көшеттерін отырғызды. Бұл – медициналық мекеменің игі дәстүрі.

Shares