Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері анафилактикалық шокпен ауырған 44 жастағы ер адамды аман алып қалды

Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері анафилактикалық шокпен ауырған 44 жастағы ер адамды аман алып қалды

Шақырту 3 тамыз күні 22:55-те түскен. Шақыртуға ер адамның жағдайының нашарлауы себеп болыпты. Құрамында дәрігер Исламбек Кенжетаев, фельдшер Максим Рябов және жүргізуші Евгений Игнаткин бар жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 4 минуттан кейін жеткен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Тексеру барысында жүрек-қан тамырлары қызметінің және тыныс алу жеткіліксіздігі байқалды. Анамнез алу кезінде дәрігерлер бұл жағдайдың цефтриаксон инъекциясынан кейін пайда болғанын анықтады. Бригада стандарт бойынша реанимация жүргізді. Науқас 1-ші қалалық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараты мен вазопрессорлық қолдау арқылы жеткізілді.

«Өкінішке қарай, антибиотиктерге аса ауыр аллергиялық реакциялар жиі болады. Бұл Covid-19 пандемиясы кезінде жаппай қолданумен байланысты болуы мүмкін. Егер сіз ауыр аллергиялық реакцияға тап болсаңыз, аллергенді алшақтатқаныңыз жөн. Сонымен қатар, науқасты көлденең жатқызып, жедел жәрдем келгенше диспетчердің нұсқауларын орындауыңыз керек», – деп атап өтті облыстық жедел медициналық көмек орталығының директорының міндетін атқарушы Юрий Белоног.

Shares