Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өңір ардагерлері Петропавлдағы өндіріс ошақтарын аралады

Өңір ардагерлері Петропавлдағы өндіріс ошақтарын аралады

Наурызнама онкүндігі аясында қаланың бір топ ақсақалы мен зиялы қауым өкілі өндіріс ошақтарын аралады. Өңір басшылығының мұрындық болуымен өткізілген шараның мақсаты – ардагерлерді облыстың экономикалық әлеуетімен таныстырып, үлкендерден бата алу, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Алдымен жиналғандар «Береке» ықшам ауданындағы 300 орынға шақталған коррекциялық мектеп-интернатының, тіркемелі ауылшаруашылығы техникасы зауытының құрылысымен танысты. Кейін құрғақ құрылыс материалдарын шығаратын «Mix Universal» ЖШС-і, облыстағы ең үлкен жылыжай комплексі мен Петропавл трактор зауытына барды.

Ардагерлер өңірдің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Олар қала кәсіпорындарындағы даму мен өнімділік деңгейі Қазақстан экономикасының әлеуетін лайықты көрсететінін атап өтті.

 

 

Shares