Өңірде алдағы маусым айында ауа райы жиі құбылады
Солтүстікқазақстандықтар шуақты жазды біраз күтетін сыңайлы! Аққайыңдар өлкесінде маусым айында ауа райының жиі құбылуы күтіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Түнде ауа температурасы 4-9-дан 17-22-ге дейін, ал күндіз 14-19-дан 24-29-ға дейін өзгереді. Маусым айында ауаның орташа температурасы +19,2+20,5°С болады деп күтілуде. Өткінші жаңбыр жауады, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, ал найзағай бір ай ішінде жиі күтіледі”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша директорының орынбасары Наталья Левина.