Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өңірде алдағы маусым айында ауа райы жиі құбылады

Өңірде алдағы маусым айында ауа райы жиі құбылады

May 28, 2024 10:31

Солтүстікқазақстандықтар шуақты жазды біраз күтетін сыңайлы! Аққайыңдар өлкесінде маусым айында ауа райының жиі құбылуы күтіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Түнде ауа температурасы 4-9-дан 17-22-ге дейін, ал күндіз 14-19-дан 24-29-ға дейін өзгереді. Маусым айында ауаның орташа температурасы +19,2+20,5°С болады деп күтілуде. Өткінші жаңбыр жауады, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, ал найзағай бір ай ішінде жиі күтіледі”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша директорының орынбасары Наталья Левина.

Shares