Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өрт сөндірушілер мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

Өрт сөндірушілер мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

Жыл басынан бері облыста 575 өрт тіркелді. Салдарынан 32 адам қаза тауып, 28 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрттен келген материалдық шығын 451 млн 459 мың теңгені құрайды. Көңіл көншітпейтін статистиканы СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин жеткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында адамдар көп жиналатын объектілер аса  алаңдаушылық тудырады.  Жаңажылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін ұйым басшысы немесе объектідегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам барлық үй-жайларды, эвакуациялық және шығу жолдарын мұқият тексеруі керек. Сондай-ақ, алғашқы өрт сөндіру құрал-жабдықтарының болуы мен жарамды екеніне көз жеткізуі тиіс. Бұл – жалпыға ортақ ереже. Әр адам ескеруі міндетті.

“Үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдары ғимараттың авариялық немесе эвакуациялық жарықтандыру желісіне қосылған “Шығу” деген жазуы бар жарық көрсеткіштерімен белгіленуі тиіс”, – деп атап өтті Дмитрий Растихин.

Жаңа жылдық мерекені өткізер алдында шырша бөлмеден шығуға кедергі болмайтындай етіп орнатылуы тиіс. Оның нық тұруына көз жеткізген абзал. Бұтақтар қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта болуы керек. Жарық шамдарымен безендіруге келсек, безендіргіштер берік әрі электр қондырғыларын орнату ережелерінің талаптарын сақтай отыра тартылуы керек, деп қорытындылады ТЖД бастығының орынбасары.

 

Shares