Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өз ісінің шеберлері

Өз ісінің шеберлері

Аманаттықтар педагогтерді – «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшелерін алда келе жатқан Мұғалімдер күнімен құттықтады. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов 18 мұғалімді өскелең ұрпақтың білімі мен дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Барлық уақытта мұғалімдер адамның өміріне оң әсер етті. Мұғалім әрдайым шыдамдылық танытып, өскелең ұрпақты өмірдің кез-келген қиындығына төтеп беруге үйретеді, оқулықтарда жазылмаған даналық пен білім нәрін бойына сіңіреді. Біз Сіздердің кәсіпке деген адалдықтарыңызға, кейінгі толқынды тәрбиелеуге деген ұмтылыстарыңызға тамсанамыз”, – деді құттықтау сөзінде Жеңіс Асанов.

Педагогика ардагерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер, психологтар, әдіскерлер мен кітапханашылар Алғыс хаттармен марапатталды. «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қатарында 9,5 мыңнан астам білім беру қызметкері бар. Петропавл қаласының «Білім» бастауыш партия ұйымы өңірдегі көптеген ұйымдардың бірі болып табылады, оның саны 1085 адамды құрайды.

Shares