Ольга Ростовщикова мен Рауза Кашенева Президенттің құттықтау хатын алды
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Sensitive» ансамблінің жетекшісі Ольга Ростовщикова мен өнер колледжінің директоры Рауза Кашеневаға Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстап, көктем мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ольга Ростовщикова «Sensitive» ансамблін 16 жыл бұрын құрды. Осы уақыт ішінде би тобы халықаралық беделді байқаулар мен фестивальдерде 8 Гран-при жеңіп алды.
Рауза Кашенева өмірінің 40 жылын өнер саласына арнады. Вокал педагогы және музыкалық фестивальдердің лауреаты кәсіби вокалистердің бірнеше буынын дайындады. Соңғы 18 жылда өнер колледжін басқарып келеді.
Облыс әкімі Ольга Ростовщикова мен Рауза Кашеневаға шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік белестерден көрінуін тіледі.