Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «ПАМЖЗ» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық көрмесіне қатысуда

«ПАМЖЗ» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық көрмесіне қатысуда

Астанада «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында тұңғыш рет «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық көрмесі өтуде. Шараға «ПАМЖЗ» АҚ мен «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ қатысуда, – деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Иннодром – білім алмасу және стратегиялық серіктестік орнату үшін таптырмас алаң болып табылатын халықаралық көрме. Онда «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады. Олардың қатарында «R&D Қазақстан Инжиниринг орталығы» ЖШС, «ПАМЖЗ» АҚ, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бар.

Көрменің мақсаты – өндірістік серіктестікті дамыту, инвестиция тарту және әлемдік тәжірибемен бөлісу.

«ПАМЖЗ» АҚ баспасөз қызметі бөліскендей, көрменің екінші күні өте пайдалы өткен. Зауыт қызметкерлері жаңа серіктестермен сөйлесіп, қолданыстағы келісімшарттарға қатысты тікелей жұмыс мәселелерін талқылаған.

Shares