Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл алаңында бас шыршаның шамдары жағылды

Петропавл алаңында бас шыршаның шамдары жағылды

Облыс орталығының бас алаңында ұзындығы 30 метр болатын шырша шамдары жағылды. Бұл мерекелік іс-шараның куәсі болу үшін шырша маңына жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов петропавлдықтар мен облыс орталығының қонақтарымен бірге шыршаның шамдарын жағу рәсімін және арнайы мерекелік концертті тамашалады.

Аниматорлармен бірге көңіл көтеруді, естелік суретке түсуді, мұзда сырғанауға лабиринтінен өтуді немесе слайдтан сырғыуды қалайтындар көп болды. Жаңа жылдың басты атрубуты шырша шамдарының жағылу рәсіміне жиналған тұрғындардың қарасы көп болды. Олар би биледі, ән айтты, шыршаны айнала биледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қалалық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары, музыкалық, хореографиялық қойылымдар мен театрландырылған көріністер дайындалды. Аяз әке мен Ақшақар қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Отшашу петропавлдықтар үшін тосын сый болды.

Shares