Петропавл ботаникалық бағы исландиялық Акюрейри бағымен ынтымақтастық орнатады
СҚО ботаникалық бағы Исландияның солтүстігінде орналасқан Акюрейри ботаникалық бағымен ынтымақтастық орнатады. Бүгінде шетелдік әріптестерден тұқым каталогы алынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бақ 1909 жылы Даниядан келген мына әйелдердің бастамасымен құрылды — Анна Стефенсен, Альма Тораренсен, Мария Гвюдмунсон және Сигурдюр Саймундсен. Бұл бастаманы Акюрейри қаласының муниципалды билігі қолдады және 1912 жылдың күзінде бақ көпшілік үшін есігін айқара ашты.
Акюрейри ботаникалық бағын 2004 жылдан бастап Бьёргвин Стеиндоусон (исл. Björgvin Steindórsson) басқарады. 1957 жылы ботаникалық бақ үш есе кеңейтілді және оның ауданы шамамен 3,7 га жетті.
2010 жылы бақ коллекциясында өсімдіктің барлығы 2511 түрі мен сорты болды, оның 442-сін жергілікті Исландия флорасы құрады. Ботаникалық бақ Акюрейри қаласының муниципалитетіне тиесілі. Ол ғылыми мекеме емес.
Каталогқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан бағы кез-келген өсімдіктің 20 атауына дейін тұқым сұрай алады. Таңдауға, жасыл желекпен жақынырақ танысуға уақыт бар.
Айтпақшы, қазір Петропавл ботаникалық бағы Фридрих Вильгельм Бонн университетінің бағы сияқты танымал бақтармен және Клагенфурттағы австриялық ботаникалық бақ-мұражайымен әріптес.