Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл инновациялық жылыжайында қиярдың алғашқы партиясы 12 желтоқсанға қарай жиналады

Петропавл инновациялық жылыжайында қиярдың алғашқы партиясы 12 желтоқсанға қарай жиналады

“Солтүстік” ӘКК АҚ өңірдегі алғашқы заманауи жылыжай кешенін салу бойынша “Зеленый Север” ЖШС жобасын қаржыландырды. Толық қуатқа көшкенде, жылыжай аймақтың қияр мен қызанаққа деген қажеттілігін бірсыпыра жабады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кешеннің жалпы ауданы – 3,7 га, өсіру алаңы – 3,2 га.  Жылыжай барлығы екі бөлімнен тұрады. “Зеленый Север” ЖШС директоры Екатерина Асаенок бөлімшеде 34 мың қияр өскіні бар екенін айтты. Өскіндер қазір өсудің белсенді кезеңінде. 12 желтоқсанға дейін алғашқы өнім береді. Қияр 20 наурызға дейін жиналады. Содан кейін олар жаңа өскіндерге ауыстырылады.

“Жылыжайдағы температура бірнеше жүйемен қамтамасыз етілген. Мысалы, өсімдіктердің жай-күйі үшін ылғалдылық параметрлері орнатылған. Ылғал тұман жүйесі арқылы жетеді. Түсінікті тілмен айтсақ, су қысыммен микротүтікшелер арқылы өтіп, тұманға айналады. Егер агроном басқа параметрлерді орнатса, онда жүйе сирек немесе жиі жұмыс істейді. Шамдарымыз бар. Агроном өсімдіктерге қажет жарық параметрлерін орнатады. Жылыжайға күндізгі жарық жеткіліксіз болған кезде осы шамдар қосылады. Ал егер жарық жеткілікті болса, шамдар өздігінен сөнеді. Сонымен қатар, күн сәулесі артық болған кезде экрандар жабылып, көлеңке пайда болады”, – деді Екатерина Асаенок.

Әзірге жылыжайда тек қияр өсіріледі. Тұқымдар Голландиядан әкелінді. Шекара сыртында климаттың өзгеруіне және ауруларға төзімді әрі жоғары өнім беретін ең танымал сорттар таңдалыпты. Келесі жылы мұндағылар қызанақ өсіре бастайды. Жоспар – салат және жасыл өнімдер.

 

Shares