Петропавл маңында резервтік электр қуатымен қамтамасыз ету үшін әуе желісі салынады
Заречный кентінде «Солтүстік Қазақстан өңірлік электр энергетикасы компаниясы» АҚ мамандары 10 кВ әуе желісінің құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға сілтеме жасап.
«Солтүстік Қазақстан өңірлік электр энергетикасы компаниясы» АҚ қызметкерлері ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыс Петропавл қаласы әкімдігімен келісім бойынша жүргізілуде.
«Келесі аптада әуе желісінің құрылысы басталады. Ол шамамен 1,5 мың адам тұратын Заречный, Хромзавод, Кирпичный тұрғындарын резервтік электрмен қамтамасыз етеді», – деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.