Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Осыған байланысты өзендер деңгейі мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News.

Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке бақылауына алған.

«Тепличное ауылында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс бөгетін нығайту бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Жұмыстар түнде де тоқтаған жоқ. 900-ден астам адам — ТЖМ, ІІМ, Ұлттық ұлан қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда», — деп жазды облыс басшысы.

Shares