Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл полицейлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді

Петропавл полицейлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді

Тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау бойынша ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Темір жол вокзалы, «Пирамида» сауда үйінің маңы, Алматинская, «Дария» базары, «Океан» сауда үйінің маңындағы жылу құбырлары, Жұмысшы кенті және қаңғыбастар жүруі мүмкін тағы да басқа орындар басты назарда болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция қызметкерлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылық мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді. Олардың 20-сы бұрын сотталғандар, 15-і полицияның түрлі есептерінде тұрғандар, оның ішінде 9-ы «ұры», ал екеуі – «телефон ұрлаушы» санатындағылар. Барлығының саусақ іздері алынып, фото-видео тіркеуге қойылды, іздеудегі тұлғалардың тізімі бойынша тексерілді.

«Осындай рейдтік іс-шаралардың мақсаты – үй-күйсіз жүргендердің аязды күндері үсіп қалмауын, көз жұмуын болдырмау, криминогендік жағдайдың ушығуына жол бермеу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Тұрғылық мекенжайы жоқ адамдардың жиналатын орындары туралы «102» арнасына не болмаса «102» мобильдік қосымшасын пайдаланып хабарлауға болатындығын еске саламыз (ҚР ІІМ-нің ресми қосымшасы болып саналады, оны App Store және Google Play жүйелерінен жүктеп алуға болады). Қалалық полиция басқармасы құрамындағы қабылдап-тарату орнының кезекші бөлімінің телефоны: 8 (7152) 52-92-99», – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев.

Shares