Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да мереке құрметіне Бірлік аллеясы ашылды

СҚО-да мереке құрметіне Бірлік аллеясы ашылды

1 мамырда қалалық Орталық саябақта Бірлік аллеясы пайда болды. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мереке және «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды QZ News.

Іс-шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

“Мен құрметті ақсақалдарымызды, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін, жастарды және облысымыздың барлық тұрғындарын қатысушы ретінде көргеніме қуаныштымын. БІрлесе отырып біз тағы бір жасыл аймақ жасадық, ол біздің бірлігіміздің символына айналмақ белгісі болып қала бермек. Бірлік аллеясы кездесу мен пікір алмасу орны болсын, ал бірлік пен достық біздің басты құндылықтарымыз болып қала берсін”, – деп атап өтті облыс әкімі.

Бұл күні саябақта нағыз мерекелік атмосфера орнады: балалар қызығушылықпен сурет салып, мектеп оқушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салатындай құстарға ұя жасады.

Shares