Петропавл қаласының әкімі шаһар тұрғындарына үндеу жасады
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев жергілікті азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Құрметті саяжай тұрғындары! Жағдай қиындап барады. Саяжайларда тұрақты негізде 200-ден астам адам тұрады. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – адам шығынын болдырмау. Сондықтан қазіргі уақытта Петропавл қ. ПБ және ТЖ мамандары саяжай тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялауда. Жануарларды эвакуациялауды қоспағанда, біз кірме жолдарды жабуға мәжбүрміз. Түсіністікпен қарауды сұраймын! Сабырлық танытыңыздар және мамандардың барлық ұсыныстарын орындаңыздар!”, – деді қала әкімі.
Эвакуациялық пункттер:
📍№12 орта мектеп – Былғары зауыты кенті, Рыжов көшесі, 51.
📍№13 орта мектеп – Заречный кенті, 1-Заречная, 59.
📍 №14 орта мектеп – Подгора ш/а, Калюжная көшесі, 22.
📍 №27 орта мектеп – Панфилов көшесі, 256.
Жануарларды эвакуациялау:
Жұмысшы кенті (Омбы тас жолы) 2632 км “Валеев”ЖК
Су тасқыны сипатындағы мәселелер туындаған жағдайда:
ikomek 📞 109 немесе 112
WhatsApp 📞 8 771 091 09 00
Жедел штаб:
📍Қалалық әкімдік, тел: 32-00-60
🕐24/7