Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам фактісі тіркеді

Петропавл қаласының полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам фактісі тіркеді

Учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының бұзушылықтарын анықтау және ескерту бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өткен демалыс күндері кезекті рейдтердің бірінде Московская көшесінде үйіліп жатқан құрылыс қалдықтары анықталды. Металл қабылдау пунктінің иесі құрылыс қалдықтарын қоршаудың бойына үйіп қойған. Учаскелік инспекторлар профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту жазып берді. Қала тұрғыны 10 күн ішінде бұзушылықты жоюға міндеттелді.

«Абаттандыру қағидаларын бұзу үшін – ескерту жасау немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделгендігін еске саламыз»,- дейді қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетов.

Жыл басынан облыс орталығының аумағында учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3230 бұзушылығын анықтады.

 

Shares