Петропавл студенттері бір күнге полиция қызметкері болды
30 студент өздерін тәртіп сақшыларының рөлінде сынап көрді. Мұндай мүмкіндік “Полициядағы бір күн” жобасы аясында пайда болды. Оның ұйымдастырылуына облыстық полиция департаменті мен ІІМ Алматы академиясы мұрындық болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Полициядағы бір күн” жобасы бүкіл ел бойынша жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
“Біз сіздерге бәрі қалай болатынын, мамандарымыздың қиындықтарға қалай төтеп беретінін көрсетеміз. Бүгінгі іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – полицейлердің ең қиын жұмысын көрсету және полицияның сервистік моделін ұсыну”, – деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.
Жас жігіттер мен қыздар криминалистердің, инспекторлардың, тергеушілердің және учаскелік офицерлердің рөлінде өздерін сынап көрді.
“Көптеген әсер бойды билеп тұр, мен бәрін жақсы түсінгім келеді. Мұнда болғаныма қуаныштымын, мұндай мүмкіндік бәріне бірдей түсе бермейді”, – деді СҚУ студенті Жұлдыз Оразбаева.