Петропавл тұрғындары “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырылады
Облыс орталығының тұрғындары “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында тегін қаржылық сауаттылық курсынан өте алады. Оқыту 5 ақпанда басталды. Бірнеше лектік курс бес күнге созылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Осы уақыт ішінде білім алушылар қаржылық тәуелсіздік, отбасылық бюджет аудиті, өз шығындарын басқару, қаржылық жоспарлау дағдыларын үйренеді, өздері үшін тиімді шарттармен несие таңдайды, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысады.
“Сондай-ақ, тренинг шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізеді, қатысушылардың қалауы бойынша өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламалар аясында бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба арқылы сапалы заң көмегін алуға болады. Оқуға мына мекенжай бойынша тіркелуге болады: Петропавл қ., Абай к-сі, 15. Тел: 36-94-52”, – деп атап өтті қалалық әкімдікте.