Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл Ұлттық ұлан академиясында Үздік жүргізуші мен Үздік БТР экипажы анықталды

Петропавл Ұлттық ұлан академиясында Үздік жүргізуші мен Үздік БТР экипажы анықталды

ҚР Ұлттық ұланы академиясының әскери атыс алаңында «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» атағына байқау-сайыстың I кезеңі өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Іс-шара аясында әскери қызметшілер АК-74 автоматынан, Макаров тапаншасынан, РПК мен ПКТ пулеметінен ату, сондай-ақ автомобильдері мен БТР-80 бронетранспортерлерін жүргізу дағдыларын көрсетті. БТР экипаждары кедергілері бар маршруттан өтті. Байқауға келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер, оқу орнының курсанттары мен сарбаздары қатарынан әскери жүргізушілер қатысты. Сондай-ақ, СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері белсенді ат салысты.

«Байқау-конкурс өткізу қорытындысы бойынша 90 балл жинаған автомобиль взводының аға маманы (аға жүргізушісі) ефрейтор Дусмогомбетов Тасболат үздік жүргізуші болып танылды. Ал БТР экипаждары арасында балл сомасы бойынша 1 орынды оқу-жауынгерлік және оқу машиналары взводының аға маманы (аға механигі) аға сержант Дархан Әлкенов басқарған БТР экипажы 92 баллмен иеленді»,- деп хабарлайлы Академияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында өтетін жалпы әскери байқауға қатысады.

 

Shares