Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 10 күн ішінде марихуана өсірген бес “фитозертхана” анықталды

Петропавлда 10 күн ішінде марихуана өсірген бес “фитозертхана” анықталды

Петропавлда 27 мен 47 жас аралығындағы бес тұрғынның есірткіге қатысты өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны анықталды. Оларды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады,деп хабарлайды QZ News.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Мұхамбетқалиұлының айтуынша, тұрғындардың үйлерін тексеру кезінде жарықтандыру құралдары мен басқа да жабдықтар, марихуана тұқымдары мен қарасора өндірісі табылды. Барлығы полицейлер 22 түп “қарасора” және 250 граммға жуық “марихуана” мен “гашиш” есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.

Shares