Петропавлда 18 қаңтарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
18 қаңтарда облыс орталығында аудандардан келетін тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудандары;
«Қызылжар Ақбастау» базарында: Аққайың, Қызылжар аудандары,
«Дария» базарында: М.Жұмабаев ауданы
Сауда сағат 8:30-дан 12:00-ге дейін жалғасады.