Петропавлда 18 жастағы қыз қала тұрғынына пышақ жарақатын салды
30 қазан күні сағат 04:37-де “102” арнасына Петропавлдағы көшелердің бірінде ер адамға пышақ жарақаты келтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
31 жастағы қала тұрғыны шұғыл түрде қалалық ауруханаға жатқызылды.
“Полиция қызметкерлерімен қаланың 18 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.