Петропавлда 21 белсенді Халықаралық волонтерлар күнінде марапатқа ие болды
Петропавлда С.Мұқанов атындағы кітапханада волонтерлар жиыны өтті. Белсенділер жұмыс қорытындысын шығарған шараны облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілдері ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«5 желтоқсан – Дүниежүзілік волонтерлар күні. Іс-шараға қатысушылардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында облыстық филармонияның өнерпаздары өнер көрсетеді.Бүгін біз 21 белсендіге ішкі саясат басқармасының марапатын табыстаймыз. Солтүстік Қазақстан облысында 30 мыңға жуық ерікті бар. Олар көктемде су тасқыны кезінде өдерінтанытып, экоакцияларға қатысып, түрлі іс-шаралар өткізген белсенді, іскер жандар», – дейді С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың іс-шара ұйымдастырушысы Елена Скакунова.
Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлік іс-шараларға тек жастар ғана емес, егде жастағы белсенділер де тартылған. Келесі жылы облыстық ардагерлер кеңесінің «Күміс еріктілер» бастамашыл тобының құрылғанына бес жыл толады. Бірлестік құрамында 40-қа жуық адам бар.
«Биыл біз көптеген маңызды жобаларға қатыстық. Ұзақ өмір сүру орталығына барып сыйлықтар апарып, қарт адамдар арасында шахматтан қалалық, облыстық турнир өткіздік.«Қамқорлық» акциясы аясында жалғыз ілікті зейнеткерлерге азық-түлік пакеттерін апардық. Облыстық перенаталдық орталыққа барып уақытынан ерте туылған нәрестелерге тоқылған кокондарды сыйға тарттык. Су тасқыны кезінде біз барлық шараларға қатыстық. Биыл атқарылған іс аз емес», – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің «Күміс еріктілер» бастамашыл тобының жетекшісі Сәуле Тахметова.