Петропавлда 49 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Алдағы бес жылда Петропавлда барлық қара жолдар асфальтталады деп жоспарланыпотыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және жол қауіпсіздігін арттыруғабағытталған біздің инфрақұрылымдық бағдарламамыздың маңызды бөлігі. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға қаржылай көмек көрсеткен облыс басшылығына алғысымдыбілдіргім келеді. Биылдың өзінде 28 шақырым қара жол асфальтқа ауыстырылды, яғни 32 көше. Қалған 155 шақырымын бірнеше жылдың ішінде асфальттауды жоспарлапотырмыз», – деді Серік Мұхамедиев.
Биылғы жылы жалпы ұзындығы 53,9 шақырымды құрайтын 49 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар екі жол құрылысы да басталды Малая көш. Батыр Баян көшесінен Қазбек Байболов көшесіне дейін және Парковая көшесінде Б. Петрова к. Позолотина көшесіне дейін.