Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Петропавлда 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті

2024 жылдың 8 сәуірі күні сағат 19:20 шамасында 21 жастағы “Nissan Laurel” көлігінің жүргізушісі 59 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шегуші жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, соққы салдарынан әйел адам медициналық мекемеге жатқызылған.

“”Nissan Laurel” жүргізушісінен қан алынды, алдын ала болжам бойынша ол сау күйде болды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. ЖКО фактісі бойынша процестік шешім қабылдау үшін материал жинау жұмысы жүргізілуде”, – деп хабарлады СҚО ПД.

Shares