Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда алаяқтар мүгедектің атына 280 мың теңге несие рәсімдеген

Петропавлда алаяқтар мүгедектің атына 280 мың теңге несие рәсімдеген

СҚО прокурорлары халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмысы аясында қарызды заңсыз ресімдеу фактісін анықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс орталығының тұрғынына 2021 жылы “Kaspi Вапк” АҚ арқылы 280 мың теңге несие ресімделген. Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау органы кредиттік шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талапарыз берді. Себебі, несие екінші топтағы мүгедек болып табылатын қала тұрғынына ресімделіпті.

“Сот шешімімен прокурордың талаптары қанағаттандырылды, кредиттік шарт жарамсыз деп танылды, әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қалпына келтірілді. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын сақтау мәселесі прокуратураның ерекше бақылауында болады”, – деп атап өтті облыс прокуратурасы.

Shares