Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда алғашқы халықаралық түркі «Auyl Fest» қаз өсіру фестивалі өтеді

Петропавлда алғашқы халықаралық түркі «Auyl Fest» қаз өсіру фестивалі өтеді

QZ News хабарлауынша, облыс орталығында, Театр алаңында «Ауыл» партиясының 25 жылдығы аясында алғашқы халықаралық түркі этномәдени фестивалі – «Auyl Fest. Қаз өсіру» өтеді.

Іс-шараға «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты С.Егізбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ Венгрия, Татарстан, Башқұртстан, Чувашия және Марий Эл Республикаларынан құс шаруашылығы саласының жетекші өкілдері қатысады.

Фестиваль қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ынтымақтастықты дамытуға, бірлікті күшейтіп, халықтың мәдени мұрасын сақтауға, ауыл тұрғындары арасында қаз өсіру аясын кеңейтуге және өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тартуға бағытталған алаңға айналмақ. Фестиваль аясында фермерлік және кәдесый өнімдерінің жәрмеңкесі, отандық және шетелдік аспаздардың қатысуымен қаз етінен үздік тағам әзірлеу бойынша аспаздық байқау, кулинарлық фестиваль және тағы басқа шаралар жоспарланған.

Фестивальдің ең қызықты әрі көңілді бөлігі – «Қаз жарысы» болмақ.

«Қаз жарысы – бұл тек қана ерекше спорттық сайыс емес, мұнда қаздар иелерінің басқаруымен жылдамдықта жарысады. Бұл – жарқын мәдени жарысқа 16 қаз қатысады, ал жарыс жолының ұзындығы – 18 метр», – деп хабарлады «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, фестиваль аясында қала әкімдігі алдындағы алаңда этно-фольклорлық ансамбльдердің қатысуымен концерт, сондай-ақ асық ату, корнхол, қала ойындары, армрестлинг, гір көтеру сияқты спорттық жарыстар өтеді.

Фестиваль қатысушылары қатарында мамық, қауырсын және қаз етін өңдеуші кәсіпорындар – Gallicoop (Венгрия), ЖК «Лотфуллин» (Марий Эл Республикасы), «Башқұрт Құс» генетикалық шаруашылығы (Башқұртстан) болады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының жетекші қаз өсірушілері қатысады деп күтілуде.

Shares