Петропавлда алғашқы «полиция сыныбы» ашылды
Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің жетінші сынып оқушылары өмірлерінде алғаш рет форманы киген. Бұл оқу орны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау сыныптарын құру жобасына облыста бірінші болып қосылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Жас сақшы» сыныбына іріктеуден өткен ұлдар мен қыздар полиция қызметкерлерінен сабақ алады.
Олардың жетекшілігімен балалар мектептегі пәндерден бөлек, заңнаманы, криминалистика негіздерін, полиция қызметін тереңдетіп оқиды, дене шынықтыру жаттығуларынан өтіп, өзін-өзі қорғау әдістерін меңгереді.