Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда аналардың кеңейтілген кеңесі өтті

Петропавлда аналардың кеңейтілген кеңесі өтті

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында аналардың кеңейтілген кеңесі өтті. Адамның көзқарасы мен қағидалары отбасы шеңберінде қалыптасады. Ал кеңестің басты мақсаттарының бірі – отбасында толеранттылықты тәрбиелеу. Тек СҚО-да белсенді аналар 200-ден астам іс-шара өткізді, оның ішінде күш көрсетудің, лудоманияның, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналға шаралар да болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кеңесте 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ белсенді өкілдер марапат алды. Аналар кеңесі отбасы институтын сақтауға және нығайтуға ықпал етеді, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және тағы басқаларға үлес қосады.

“2023 жылы бізде мүгедек балаларға арналған хореография және вокал үйірмесі ашылды. Балалармен кәсіпқой мамандар айналысады. Бастама жүйелі түрде жалғасуда, балалар аптасына 2 рет облыстық шығармашылық орталық базасында жиналады”, – дейді СҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Жұлдыз Саттарова.

 

Shares