Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда анасы 7 жастағы қызын ұрған: тергеу амалдары басталды

Петропавлда анасы 7 жастағы қызын ұрған: тергеу амалдары басталды

23 қараша сағат 17:00 шамасында Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 7 жасар екінші сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргендігі анықталды. Олар өз кінәларын мойындап отыр, бұндай жағдайға баланың тіл алмауы себеп болғанын айтып түсіндірді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Shares