Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ауыл шаруашылығы хакатонына 65 ғалым қатысып жатыр

Петропавлда ауыл шаруашылығы хакатонына 65 ғалым қатысып жатыр

Қозыбаев университетінің қабырғасында Солтүстік және Орталық Қазақстанныңагроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуына арналған үшкүндік ауыл шаруашылығы хакатоны өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ғалымдар, сарапшылар мен мамандандырылған кәсіпорындардың басшылары, Ғылым жәнежоғары білім министрлігінің өкілдері университетте сұхбаттасуға жиналды. Маңыздышара қонақтарын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қарсыалды.

«Бұл айтулы оқиға 65 жетекші ғалым мен 20-ға жуық табысты фермердің басын қосты. Олардың барлығы тың ғылыми идеяларға негізделген ауыл шаруашылығын дамытуғамүдделі. Қатысқандарыңыз үшін, өңіріміздегі кәсіпорындардың тиімділігін арттыратынжаңа шешімдерді іздеуге дайын екендеріңіз үшін әрқайсыңызға шын жүректен алғысайтамын. Жасыратыны жоқ, Солтүстік Қазақстан – елімізді нанмен қамтамасыз ететін басты өңірдің бірі. Биыл 6,2 миллион тонна астық жинап үлгердік. Бұл рекордтықкөрсеткіш», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Ауылшаруашылық хакатонының қонағы «Неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы» жобасының жетекшісі Ольга Гунгер болды.

«Германия «Неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы» жобасын қаржыландырады. Ол 2009 жылдан бері бар. Жоба аграрлық секторды дамыту үшін негізгі жағдайлар жасауғабағытталған. Оның көмегімен ғылыми мекемелермен және консультативтік-кеңесшіоргандармен өзара байланыс орнатуға болады. Қозыбаев университетімен бірнеше жылданбері органикалық ауылшаруашылығымен байланысты салаларда мамандарды дайындаудажұмыс істеп келеміз. Осы пән мұғалімдеріне тренингтер өткіздік. Мұнда Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен 15 түрлі оқу және ғылыми мекеме өкілдерінің қатысуы – біз үшінүлкен мәртебе. Мұнда біз өзара іс-қимылымызды жақсарта аламыз», – деді Ольга Хунгер.

Іс-шараға қатысушылар аграрлық сектордағы инновациялар мен жетілдірудің негізгібағыттарын анықтайды, сондай-ақ басым ғылыми-техникалық міндеттер мен болашақзерттеулердің тақырыптарын анықтайды. Ауыл шаруашылығы хакатонынында қатысушылар «Зенченко и К» КТ, «АВАГРО» ЖШС, «Радуга» ЖШС өндіріс орындарынабарады.

Shares