Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Петропавлда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Петропавлда «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ауқымды жәрмеңке өтті, оны мансап орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.

Жәрмеңкеге әртүрлі сала өкілдері қатысты: қалалық білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Маслодел»ЖШС, «Комунхоз» ЖШС, «Султан Кондитерские изделия» АҚ және басқа да ұйымдар. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Ашық бос жұмыс орындарына қызығушылық танытқандарға ішкі істер органдарында қызмет атқарудың шарттары мен тәртібі, артықшылықтары мен талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс- шараға Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және жұмыс іздеген азаматтар, сондай-ақ бас бостандығынан айырылғандар мен қоғамнан оқшауланбайтын жазамен сотталған тұлғалар қатысты.

Жәрмеңкеде есепте тұрған сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға және жеке кәсіпорындарға жұмыс орындары ұсынылды. Бұдан бөлек, олар әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби оқыту курстарына жазылу мүмкіндігіне ие болды.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Түзеу мекемесінің еңбек ұйымының тобы және №52 мекемесі өкілдерінің жәрмеңкеге қатысу мақсаты минималды қауіпсіздік колониясына кәсіпкерлерді тарту.

Shares