Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда бүтін бір отбасыны өлтіріп кетті

Петропавлда бүтін бір отбасыны өлтіріп кетті

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде үш адамнан тұратын отбасы өлтірілді. Ажал құшқандар – отағасы, отанасы және ұл бала. Іске жедел кіріскен мамандар қылмысқа күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

28 желтоқсан күні 13 сағат 25 минутта зорлықпен өлтіру белгілері бар, үш жансыз дененің табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

“Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, яғни екі немесе одан көп адамды өлтіру бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының екі тұрғынын ізін суытпай ұстады”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Күдіктілер Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

“Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді”,- деп жазылған хабарламада.

 

Shares