Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда депутаттар арнайы бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға төмендету мәселесін қарады

Петропавлда депутаттар арнайы бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға төмендету мәселесін қарады

Партияның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысында үш мәселе талқыланды: фракция басшысын сайлау, Петропавл аумағында арнайы бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға төмендету, сондай-ақ қалалық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Петропавл аумағында арнайы бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету мәселесі бойынша СҚО мейрамханалар мен мейманханалар иелері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзаның өтініші қаралды. Ол Петропавл кәсіпкерлері үшін арнайы бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға төмендетуді ұсынды.

Оның айтуынша, бұл бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға және түсімдер бойынша объективті деректер алуға, қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің статистикасын және олардың жалақысының нақты мөлшерін көруге мүмкіндік береді.

 

Shares