Петропавлда ерекше балаларға арналған эко-тақырып бойынша шығармашылық шеберлік сағаты өтті
«Экобоум» деп аталатын іс-шараны Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығыныңмүшелері мен Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдеркітапханасының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Еріктілер арнайы балалармен бірге экологиялық таза материалдардан жасанды қарадамдарын жасап, кейін оларды қала тұрғындарына ұсынды.
«Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатыр, біз оны Тәуелсіздік күніне орайластырдық. Балаларға қажетті материалдарды, сондай-ақкішкентай тәтті сыйлықтарды дайындадық. Кітапхана қызметкерлері балаларға шағын қойылым көрсетіп, балалардың шығармашылық көңіл-күйін көтеру үшін ойындар мен викториналар дайындады», – дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Шығармашылық іс-шараға Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсетуге арналған «Солнечный дом» қорының жастары қатысты.
«Біз балаларымыздың қатысқанына өте қуаныштымыз. Бүгінгі шараға 12 бала қатысып жатыр. Менің ойымша, олардың табиғи материалдармен жұмыс істейтіні өте жақсы. Құрылғанына тоғыз жыл, оның құрамына аудандар мен облыс орталығынан 60-қа жуық бала кіреді», – дейді Даун синдромымен ауыратын балалар мен ересектерге көмек көрсету «Солнечный дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы Татьяна Делль.