Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ерекше балаларға арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті

Петропавлда ерекше балаларға арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті

Облыс орталығында орналасқан дәрігер Батыреваның клиникасында алғаш рет ерекше балаларға арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті. Мерекеге 30-ға жуық бала қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Іс-шараны “Аутизм диагнозы қойылған балалар мен ересектерге көмек” қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Сондай-ақ, қаланың танымал кәсіпорындары демеушілік жасады.

Жас солтүстікқазақстандықтарға конкурстар, әндер мен викториналар дайындалды. Көңілді мереке шыршаның жанында жалғасты. Онда балалар Аяз Ата және Ақшақармен шыршаны айналды, ән айтты, биледі.

“Ертеңгілік үшін көп рахмет айтамыз. Мен ауданнан келдім. Барлығы ұнады. Бұрын нейропсихологпен жұмыс істедім, ал бүгін жаттығу залындағы сабаққа тегін жолдама алдым”, – дейді Артем Бурбуль.

Жаңажылдық мереке соңында ата-аналар жанашырлық танытқан жандарға алғыс айтып, балалардың ұмытылмас әсер алғанын тілге тиек етті.

“Біздер үшін атқарылған осындай ауқымды жұмыс үшін алғыс айтамыз. Бұл ертеңгілік ең сиқырлы болды. Балалар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Мұның бәрі сіздердің арқаларыңыз. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін”, – деп бөлісті Михаил Крепковскийдің анасы Светлана.

“Ертеңгілік өте керемет болды, сонша эмоция, сонша бақыт пен қуаныш сыйлады. Осындай керемет мереке үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Сіздер – мамандыққа шын жүректен берілген әрі тек жақсылық пен мейірім бөлетін адамдарсыздар!”,- деп атап өтті Каринаның анасы Проскурина Эльвира.

Shares